11

10-желтоқсанда Астана қаласында тұңғыш рет ғылыми-техникалық олимпиада өтті. Оған 21 команда, 84 қатысушы қатысты. Сайысты Tamos Space School мен RBK банк ұйымдастырды.

Астана Халықаралық мектебінің атынан 7-сынып оқушыларынан құралған 3 команда бақ сынады. 1-топ мүшелері: Айлин Жұмабай, Арлан Жакупов, Нұралы Жақып, Тимур Альдербаев; 2-топ мүшелері: Әлтайыр Құбаш, Алихан Ерболатұлы, Құрмет Жеңіс, Дінмұхамед Қуанбек; 3-топ мүшелері: Ажар Исмұхамбет, Наима Умирьяева, Аружан Бильданова, Амира Ержанқызы.

Сайыстың қорытындысы бойынша, Астана Халықаралық мектебінің 3-тобы 6-орынға тұрақтады. Барлық топ мүшелеріне 7000 теңге көлеміндегі сертификаттар табысталды. Ал 1-топтың мүшелері жүлделі 2-орын иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Оларға 100 000 теңгелік сертификат берілді.