34

Астана Халықаралық мектебінің 9-сынып оқушылары «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрына «Күләштің әні» атты вокалды музыкалық концертіне барды.

Аталған концертті тамашалау 9-сыныптардың «Ұлттың тәрбиесі – ұлт болашағы» юнитінің аясында ұйымдастырылып, «Қыз жібек» жырына бағытталды.

«Күләштің әні» атты музыкалық концерт қазақтың бұлбұл әншісі Күләш Байсейітованың 110 жылдық мерейтойына арналды. Концертте әншінің ең таңдаулы туындылары орындалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқушылар аталған іс-шарадан үлкен шабыт алып, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.

Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Салтанат Асанбаева мен кураторлар Жайна Базарбаева, Камиля Смаилова ұйымдастырды.