6

Астана қаласындағы Халықаралық мектепте BeSafe Kazakhstan республикалық волонтерлік бағдарламасын іске асыру аясында қызметкерлермен кездесу ұйымдастырылды. Аталған бағдарлама ЮНИСЕФ Қазақстан және Ұлттық волонтерлік желінің бірлесуімен іске асырылып жатыр.

Кездесуде ISA қызметкерлері серіктес мектептермен бағдарламаны іске асыру жөніндегі жағдайды, волонтерлер жұмысының сапасын біліп, оған қоса оқытудан өтті.