30

Директор Айдар Булатов бастаған ISA қызметкерлері Халықаралық Бакалавриат ұйымдастырған жыл сайынғы жаһандық конференцияға қатысты. Биылғы конференцияның «Embracing innovation, inspiring action» тақырыбы өз мектептерінде IB стандарттары мен тәжірибелерін енгізу ерекшеліктерімен бөліскен білім беру көшбасшылары мен әлем педагогтарының баяндамалары мен презентациялары арқылы терең ашылды. IB өкілдері PYP, MYP және DP бағдарламаларына енгізілген инновациялар туралы баяндамалар жасады. Сондай-ақ барлық IB мұғалімдері үшін жаңа IB exchange кәсіби даму платформасын ұсынды.

Конференция нәтижелі өтті. Астана Халықаралық мектебінің өкілдері барлық сессияларға белсенді қатысып, өзге мемлекеттерден келген әріптестерімен тәжірибелерімен бөлісті. Оған қоса алдағы уақытта байланысты нығайту үшін IB, Inthinking, Managebac және Turnitin серіктестерімен бірқатар кездесулер өткізді.