29

Астана Халықаралық мектебінің оқушылары «Адам.Жер.Әлем» М.Әбділдин атындағы мектеп оқушыларының қазақстандық астротурниріне қатысып, жүлделі 3-орын иеленді.

Астротурнир – жыл сайын жоғары сынып оқушылары арасында өткізіледі. Турнирге қатысушы топтардың міндеті – берілген мәселелердің шешімін ұсынып, оны ғылыми пікірталастарда қорғау.

Турнир «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен өтті. Додаға барлығы 17 команда қатысты.

Мектептің физика пәнінің мұғалімі Әлихан Абдығалиев бастаған Нұрдәулет Уәли, Ернұр Серғазы, Томирис Алмуханбетова, Маулет Сеитов, Мұстафа Дарханұлынан тұратын топ жоғары жетістіктер көрсетіп, жеңіс тұғырынан табылды.