69

«ЖАСӨСПІРІМ ДАУЫСЫ» жобасы еліміздегі Халықаралық бакалавриат бағдарламасындағы мектептер арасында «IB және мен: менің табысқа апарар жолым» тақырыбындағы эссе байқауын жариялайды.

Мақсаты: Оқушылардың коммуникативті дағдылары мен шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша табысты тәжірибе алмасу.

Міндеттері:

– Оқушыларға қазіргі жасөспірімдерге қатысты жаһандық тақырыптарда өз ойларын жеткізуге мүмкіндік беру;- оқушыларды қоғамның тыңдауына мүмкіндік беру;

– «жасөспірімдік кедергілерді» жеңу бойынша тәжірибе алмасу;

– үздік шығармалар журналын шығару.

Байқауға IB мектептерінің 9-12 сынып оқушылары қатыса алады. Жұмыстар 2022 жылдың 22 сәуіріне дейін қабылданады.

БАЙҚАУ ЖҰМЫСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

– Жазбаша жұмыс көрсетілген тақырыпқа және талаптарға сәйкес болуы керек (14 Times New Roman шрифті, 2 баспа беттен аспауы керек, қатысушының 3х4 суреті, жетекшінің 3х4 суреті, аты-жөні мен лауазымы көрсетілуі қажет);

– мәтінді орналастыру алдында: Автордың тегі, аты, мектебі, байқау тақырыбына жазылған жазба жұмысының атауы.

Жұмыстар электронды түрде «эссе_АЖ» деп жазылып, келесі электронды пошталарға жіберіледі: yerbotina_a@isa.nis.edu.kz (қазақ тілінде); zhumatova_a@isa.nis.edu.kz (орыс тілінде); nurzhanova_l@isa.nis.edu.kz (ағылшын тілінде).