32

Жануарларға деген мейірім – адамдық қасиеттердің ізгісі. Тілсіз кішкентай достарымызға қамқорлық кішкентай кезден басталуы тиіс – осынау қағидатты 9-сынып оқушылары Дарья Петина, Амина Ноғай, Ву Су Ен нық ұстануда. Қоғамның жануарларға қатыгездігі проблемасы қыздардың әлеуметтік жобасына негіз болды.

Проблеманы нақтылау және оны тиімді шешу үшін оқушылар алдымен қала тұрғындарының пікірін білді. Кейін 3-сынып оқушыларымен кездесіп, ойын форматында тақырып аясында ашық лекциялар жүргізді. Қайырымдылыққа жиналған қаражатқа жануарларға тамақ алып, 3F сыныбымен бірге қалалық «Я Живой приют» жануарлар баспана үйіне барды.

– Топ түшелері бірнеше айдың көлемінде тынбай еңбектенді, қазір жемісін көріп отырмыз. Мен тек бағыттап отырдым, барлығын қыздар өздері ұйымдастырып, жасап отырды. 3-сынып оқушылары мен ата-аналары да өз ризашылықтарын білдірді, – деп бөліседі жоба супервайзері Ардақ Хайруллаева.

IB бағдарламасындағы орта сыныптардың (MYP) әлеуметтік жобасы оқушылардың қоғамдағы рөлі мен орнын табуға, өзгелер алдында жауапкершілігін түсінуге бағытталған. Жоба жекелей немесе шағын топтарда супервайзердің көмегімен жүзеге асырылады.