102

"Жас жазушылар" жобасы

Мектебімізде 2017-2018 оқу жылының қыркүйек айынан бастап «Жас жазушылар» жобасы ұйымдастырылуда.

«Жас жазушылар» жобасы – ол мектеп өмірінен шынайы орнын тапқан, игі маңызды іс. Ол ұстаз бен шәкірттің қалауы бойынша іске асырылып, жас буынның тілге деген құрметін арттыру мақсатында жоспарланған.

«Жас жазушылар» жобасы мектеп оқушыларының қарымды қаламына жаңа леп, жаңа тыныс беріп, жас өскелең ұрпақтың шығармашылық қырын тануға, танымдық көзқарастарын білуге мүмкіндік болып табылады.

Жоба оқушыларға автор ретінде өзі ойлап шығарған оқиғасын белгілі бір жанрда (ертегі, әңгіме, комикс және т.б.) жазуға, өз туындысын оқырман аудиториясының назарына ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл жоба жаңа әлеуетті жас жазушыларды ерекше сюжеттер мен қызықты кейіпкерлермен шабыттандырып, шығармашылыққа тарта алады, қатысушыларға өз шығармашылық қабілеттерін шыңдауға көмектеседі, дарынды оқушыларды анықтауға ықпал етеді.

МАҚСАТЫ:

 

– оқушылардың өзіндік қолтаңбасынан туған балғын жырлары мен әуезді әңгімелерін насихаттау;

– жасөспірімдер мен бүлдіршіндердің туған тілі мен әдебиетіне деген сүйіспеншілігін арттыру;

– үш тілді меңгерген оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тіл арқылы жетілдіру;

– қазіргі буын өкілдері арасында жас жазушылардың өсіп келе жатқанын оқырмандарға таныту;

– заманауи технологиялық дәуірде оқушының рухани бай жеке тұлға болып өсуіне ықпал ету.

Жоба міндеттері:

  • «Жас жазушылар» жобасы аясында оқушылардың креативтік таным-түсініктері негізінде оқу мен жазу дағдыларын дамыту; 
  • Оқушылардың авторлық өз әдеби шығармаларын жазуға және осындай туындыларды оқуға деген қызығушылықтарын арттыру;
  • Оқушылардың өз қолтаңбасынан туған шығармашылық жұмыстарын ұсынуына (өз кітабын жазу) жол ашу.

«Жас жазушылар» жобасында үздік танылған жұмыстар:

– I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады;

– «Автограф сессия» марапаттау кешіне қатысып, автор ретінде сұхбат береді;

– Үздік шығармашылық жұмыстар «Жас жазушылар» жобасының жинағына кіреді;

– Жоба жинағы мектеп кітапханасында сақталып, оқушылар назарына ұсынылады;

– Жұмыстар үш тілде қабылданады.