239

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп» филиалы 2022-2023 оқу жылында 1-9 сыныптары аралығында қазақ, орыс, ағылшын оқыту тілдері бойынша ақылы негізде конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдайтыны туралы хабарлайды. Кестеде бос орындар бар сынып пен оқыту тілі көрсетілген.

СыныпОқыту тіліБос орындар
1орыс тіліөте шектеулі мөлшерде қол жетімді
1қазақ тілібар
1ағылшын тілібар
2қазақ, орыс, ағылшын тілібар
3қазақ, орыс, ағылшын тілібар
4қазақ тілі, орыс тілібар
5қазақ тілі, орыс тілібар
6қазақ тілі, орыс тілібар
7қазақ тілі, орыс тілібар
8қазақ тілі, орыс тілібар
9қазақ тілі, орыс тілібар

Онлайн тіркеу мерзімі 

Онлайн тіркелу 1.07.2022 бастап 30.07.2022 (қоса алғанда) аралығында болады.

Тіркеу кезінде ата-аналар оқу тілін таңдап, тек бір таңдаған оқыту тілінде конкурстық іріктеуге қатысуға мүмкіндік алады.

Үміткер онлайн тіркеуден өткекеннен кейін электрондық пошта арқылы таңдалған сыныпқа сәйкес психология-педагогикалық әңгімелесуге (1-сыныптар үшін) және тестілеуге (2-9 сыныптар үшін) шақырылады.

Психологиялық-педагогикалық әңгімелесу және тестілеу күндері 1.08.2022 бастап 10.08.2022 дейін.

Нәтижелерді жариялау, қажетті құжаттарды тапсыру және оқуға түсуге ұсынылған үміткерлермен келісімге қол қою 16.08.2022 бастап  23.08.2022 дейін өтеді.

Ескерту: Барлық кейінгі хат-хабарлар (психологиялық-педагогикалық әңгімелесуге шақыру, тестілеу, конкурстық іріктеу нәтижелері) электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектебіне түсуші тәрбиеленуші\оқушыларға арналған тестілеу туралы ақпарат

СыныптарӨткізу нысаныӘңгімелесу/тестілеуден өту ұзақтығы
Мектеп алды даярлык тобы (қазақ, орыс және ағылшын тілінде)Психологиялық-педагогикалық әңгімелесу:
– танымдық іс-әрекеттің даму диагностикасы
Орындау уақыты – 25 минут
1сынып ( казақ, орыс және ағылшын тілінде )Психологиялық-педагогикалық әңгімелесу:
– жалпы қоршаған орта туралы (8 тапсырма);
– баланың зияткерлік даму деңгейін диагностикалау (7 тапсырма);
– баланың жаратылыстану-математика ғылымдарын зерделеу бейімділігін диагностикалау (7 тапсырма);
– психикалық үдерістерін диагностикалау (4тапсырма).
Орындау уақыты – 35 минут
2,3,4,6,8- тек қазақ сыныптарыПәндік тест:
– математика
– қазақ тілі
– ағылшын тілі
Жалпы 90 минут
3,4,6- тек орыс сыныптарыПәндік тест:
– математика
– орыс тілі
– ағылшын тілі
Жалпы 90 минут
2 – тек ағылшын сыныптарыПәндік тест:
– математика
– ағылшын тілі
Жалпы 90 минут

Тестілеуден сәтті өту үшін әр пәннен кемінде 40% балл жинау керек.

Тестілеу қорытындысы 10 (он) жұмыс күн ішінде заңды тұлғалардың электронды пошталарына жіберіледі. Апелляция қарастырылмаған.
2022-2023 оқу жылына арналған бір оқушыға шаққандағы төленетін оқу ақысы:

 п/пОқушылардың санатыҚР азаматтары, оқу жылдық ақысы, тенгеҚР азаматтары емес, оқу жылдық ақысы, тенге
Жаңадан қабылданғандар үшін кіру жарнасы320 000320 000
11 сынып1 800 0002 820 000
21 сынып (ағылшын тiлiнде)2 530 0002 820 000
32 сынып1 800 0002 820 000
42 сынып (ағылшын тiлiнде)2 530 0002 820 000
53 сынып1 800 0002 820 000
63 сынып (ағылшын тiлiнде)2 530 0002 820 000
74 сынып1 850 0003 000 000
85 сынып2 050 0003 300 000
96 сынып2 050 0003 300 000
107 сынып2 200 0003 520 000
118 сынып2 200 0003 520 000
129 сынып2 200 0003 520 000
1310 сынып2 750 0004 400 000
1411 сынып2 750 0004 400 000
1512 сынып2 750 0004 400 000

Кіру жарнасы мектептің білім беру ортасын одан әрі жақсартуға жұмсалады. Төлем бір реттік және қайтарылмайды.