26

Әзірбайжан Республикасының ғылым және білім министрлігінің жалпы және мектепке дейінгі білім беру бойынша оқыту және бағалау бөлімінің меңгерушісі Вафа Ягублу Астана қаласындағы Халықаралық мектеппен танысты.

Қадірлі қонақты мектептің әкімшілігі қарсы алып, 10,11-сынып оқушылары Линара Умеряева мен Ерсұлтан Тоқтамыспен бірлесіп экскурсия ұйымдастырды. Мектеппен таныстыру мектептің миссиясынан, Халықаралық Бакалавриат оқушысының моделінен басталды. Вафа Ягублу мектеп кітапханаларын, спортзалды, мәжіліс залын, телестудияны, лекциялық залды, асхананы көрді. Экскурсия барысында үйірмелердің жұмысымен, сабақтардың өткізілуімен, жұмыс процесстерімен де танысты.

Әзірбайжан ғылым және білім министрлігінің өкілін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің білім беру бағдарламасы, үштілділік мәселесі, әсіресе Қазақстан тарихы пәнінің барлық сыныптарда қазақ тілінде өткізілуі қызықтырды.