20

Бүгін оқу жылының басталуын мерекелеген салтанатты жиын кезінде қытайлық делегация Астана қаласындағы Халықаралық мектепте іскерлік сапармен болып қайтты. Мектебімізге аспан асты елінен келген алғашқы қонақтардың қатарында Бүкілқытайлық әйелдер федерациясының өкілдері, атап айтқанда пропаганда бөлімі меңгерушісінің орынбасары Чжу Сяочжэн мен бөлім қызметкері Цзинь Юйси, халықаралық байланыстар бөліміне қарайтын Еуропа бөлімшесінің жетекшісі Ли Сяосин және зерттеу орталығының жетекшісі Цзи Чжунбинь ханымдар болды.

Шетелдіктер келген бетте мектеп басшысының орынбасары Жаңбыржан Бекболатов оларға мекеме ішін аралатып көрсетіп, заманауи әрі техникалық жабдықталуы жақсы мектеп жағдайында оқу процесінің қалай өтетінін баяндап берді. Шолу түрінде өткен экскурсия барысында директордың орынбасары мектептің көптеген білім беру жобалары жайлы айтып берсе, қонақтар болса өз кезегінде сыныптарды мұқият қарап шығып, жылыжайды, кітапхана мен дәрісхананы көріп тамсанды. Білім берілетін ғимараттарды құрастыру мен жабдықтауға қатысты қазіргі заман талаптарына толық сәйкес келетін әрі аудиториялардан бастап Дармен Садвакасовтың Шахмат Академиясына дейін оқушылардың ыңғайына қажеттің барлығы бар кампусқа шетелдік делегация жоғары баға беріп кетті.

Қонақтардың айтуынша, бұл – олардың Қазақстанға жасаған алғашқы сапарлары және еліміздің үкіметінің шақыртуын алған олардың бұл жолғы мақсаты халықаралық әйелдер форумына қатысу-тұғын. Астана қаласындағы Халықаралық мектептен алған керемет әсерлері жайлы ой бөлісе отырып, Чжу Сяочжэн:

– Бұл елде әйелдер жоғары дәрежелі білім алатындығына көзіміз жетіп риза болудамыз. Бұл мектептің оқушыларды жан-жақты дамытуға, әсіресе сыни ойлау қабілеттерін нығайтуға көп көңіл бөлетіндігі көңілімізден шығып отыр, -дейді.