360

Балабақшада күз мерекесіне арналған іс-шаралар өтті. Жыл сайынғы үрдіс бойынша балабақша күз мезгілін жақсы көңіл-күйде қарсы алды. Карантин ережелерін толық сақтай отырып, әр топ өзінің мерекелік ойын-сауықтарын жеке-жеке өткізгенін айту қажет.

Іс-шаралар балаларды күзгі табиғат құбылыстарымен жақынырақ таныстыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулу және оны сезіне білуге бағытталған. Мереке барысында Күз ханшайымы балаларға қонаққа келіп, өзінің күзгі байлықтарын балаларға сыйға тартты. Балалар алған әсерлерімен бөлісе отырып, тәрбиелік мәні бар сұрақтарға жауап берді. Бүлдіршіндер мерекелік кеш барысында күз мезгіліне қатысты көңілді әндер айтып, ойындар ойнады және би биледі.