28

Бүгін Астана қаласындағы Халықаралық мектептің 1-сынып оқушылары әліппемен қоштасты. Шараға әліппенің авторлары қонақ ретінде шақырылды.

Халықаралық мектептің 1 «А» және 1 «В» сыныбының оқушылары үшін бүгінгі күннің орны бөлек. Олар мектептегі алғашқы оқулықтары әліппенің қыр-сырын меңгеріп, қоштасты.

Салтанатты шараға әліппенің авторлары Қаламқас Байтенова, Жанат Қажығалиева және Жанат Исаева қатысты. Оқушылар оқулық авторларын өз көздерімен көріп, қуаныштарын жасырмады.

Бүлдіршіндер өнерлерін ортаға салып, жаттаған тақпақтарын оқып, ән айтып, музыкалық аспаптарда да ойнады. Сондай-ақ құрметті қонақтарға өз сұрақтарын да қойды.

Шара соңында оқушылар мен қонақтар хат алмасып, естелік фотосуретке түсіп, авторлар өз қолтаңбаларын қалдырды.