58

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Желілік олимпиада өз мәресіне жетті. Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Қарағанды қалаларында өткен додаға 700-ден астам зияткер оқушы қатысты.

Ағылшын тілі пәнінен бірінші орынды 10А сыныбының оқушысы Інжу Қалымбет алды. Жетекшісі – Әсем Аубакирова. Орыс тілінде оқитын сыныптардағы қазақ тілінен жақсы нәтижелерді 9В оқушылары Айдан Шаматов пен Су Ен Ву көрсетті. Жетекшісі – Индира Ахметова.

Сондай-ақ информатика, қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша олимпиадаға мектеп атынан Дильназ Мизан, Дильназ Шалабаева, Мерей Ахметжанова, Мәдина Сәдуақасова, Нұрайлым Копшакбай, Акрам Сафиязов, Дария Манапова, Таир Тиес және Әлібек Сеитов қатысқан болатын.