17

Астана Халықаралық мектебінің оқушысы Анель Баймұратова математикадан Халықаралық турнирдің жүлдегері атанды. Сайыста 20-дан астам мемлекеттің оқушылары бақ сынады.

Бүгін Ассамблеяның кезекті жиынында 2022-жылы жоғары жетістіктерге қол жеткізген оқушылар мен жыл бойына жақсы нәтижелер көрсеткен балалар марапатталды. Олардың қатарында «Математика Без Границ» атты математикадан Халықаралық турнирге қатысып, жүлделі 3-орынға ие болған 1 «С» сынып оқушысы Анель Баймұратова да бар.   

Ол аталған байқауда өзінің математикалық қабілеттерін көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.