31

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде шахматтан желілік спартакиада басталды. Дәстүрлі дода Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS базасында өтіп жатыр.

Шахматшылар бүгін екінші ойын күнін өткізді. Астана қаласындағы Халықаралық мектептің намысын 3-сынып оқушылары Амина Кушерова, Амина Дюсенова, Амелия Маитдинова, 4-сынып оқушылары Даниал Ирланов, Тасним Габдрахим, 5-сынып оқушылары Диас Мәжит, Арлан Болат, Ростислав Сергеев, Адель Курманбекова, 6-сынып оқушылары Таир Мұхамеджанов, Бірғаным Дүйсенбек, 7-сынып оқушылары Мадияр Ашуов пен Мадияр Оразбай, 8-сынып оқушылары Ақерке Тілеу мен Исмин Джубандыкова және 10-сынып оқушылары Арманжан Нарбеков, Елжан Нұртілеу, Амина Айтказыева қорғап жатыр.

Спартакиада 15-17 қараша аралығында Lichess платформасында өтеді.