15

Халықаралық Бакалавриат мектептерінің конференциясына қатысқан мұғалімдер әріптестерімен өз тәжірибесімен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, 9-11 желтоқсан аралығында European Azerbaijan International School-де Халықаралық Бакалавриат мұғалімдері мен мектеп басшыларының конференциясы өтті. Ауқымды конференцияға Кавказ және Орталық Азия елдерінің 700-ден астам педагогтары қатысты.

Астана Халықаралық мектебінің 13 педагогы спикерлер қатарында сөз сөйлеп, өзге де спикерлердің тәжірибесін тыңдады. Үшінші тоқсан басталмас бұрын аталған мұғалімдер әріптестерімен өзара тәжірибе алмасып, жаңа әдіс-тәсілдер үйренді. Себебі, тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік.