47

IB сабағының дәстүрлі сабақтан айырмашылығы неде? Осынау маңызды сұрақтың жауабын мұғалімдеріміз тәжірибе жүзінде №85 мектеп-лицейінің оқытушыларына түсіндірді.

Түрлі пәндерден беретін 25 ұстаз №85 мектептің 131 мұғаліміне шеберлік сағаттарын көрсетті. Басты мақсат – IB сабақтарын көру арқылы бағдарлама талаптарын түсіну және оларды тәжірибеде қолдануға мұғалімдерге бағыт беру.

Бастауыш және орта буын сыныптарын қамтыған шеберлік сағаттар мынадай тақырыптарды қамтыды:

– зерттеу идеясы;

– негізгі және пәндік концепция;

– жаһандық контекст;

– АТL дағдылары;

– бағалау (А, В, С, Д);

– оқушы профилі;

– дисциплинааралық байланыс;

– оқушының зерттеушілік әрекетін дамыту.