17

Астана Халықаралық мектебінде түлектер апталығының ашылу салтанаты өтті. Алдағы 5 күн аралығында мектептің 12-сынып оқушылары оқушылар мен мектеп қауымдастығына, ұстаздарға арналған іс-шаралар өткізеді.

Атап айтсақ, сергіту сәттері, ән шашулар, футболдан жолдастық кездесу, қайырымдылық жәрмеңкелер аптаның көркін келтірмек. Аталған шараның нүктесі 30-ы күні түлектердің қорытынды концертінде қойылмақ.

Апталықтың барысын және өзге де жаңалықтарды ISN әлеуметтік желілерінен және ресми сайтынан оқи аласыздар!