38

2022 жылдың 21-22 қазанында Астана қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының «Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру: Қазақстандағы балалар жылы» атты ХІІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

1300-ден астам қазақстандық оқытушы мен ғалым, сонымен қатар Финляндия, Ұлыбритания, Корея, Эстония, Ресей, Сингапур, Нидерланды, Жапония, АҚШ, Австралия, Португалия, Испания, Мальта, Болгария елдерінің белгілі педагогтері конференцияға қатысады. Бүгін аталған конференция аясында Астана Халықаралық мектебіне Эстонияның Таллин мектебінің өкілдері келді. Атап айтсақ, Таллин мектебінің директоры Эне Саар, мектеп директорының орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Мадис Сомелар және мектеп мұғалімдері Мартин Саар мен Риин Саар.

Олар мектептің құрылымымен, техникалық жабдықталуымен, жобаларымен, сыныптарымен және барлық мүмкіндіктерімен танысты. Мектептің кітапханасын, лекциондық залын, өнер студиясын, мәжіліс залын, спорт залын, сондай-ақ, телестудия мен музыкалық сыныптарын аралады. Мектеп әкімшілігі мен координаторлар балабақашаның жұмысымен, MYP, PYP, DP бағдарламаларының орындалуымен таныстырды.

Таллин мектебінің мұғалімдерін ұлттық бағдарламалар мен Халықаралық Бакалавриат бағдарламасының қалайша үйлесім табатыны қызықтырды. Олар Астана Халықаралық мектебінің жабдықталуы Таллин мектебімен ұқсас екенін атап өтті. Мектеп қабырғасында жылыжайдың болуы қонақтарды тіпті таңдандырды. Шетелдік мұғалімдер ұлттық аспаптарға қызығушылық танытып, мектеп клубтарын оқушылардың өздері жүргізетінін құптады. Шара соңында қос тарап серіктестік мәселелерін талқылады.