209

Сапалы оқыту

Сапалы оқыту - бұл қолайлы орта және мәдениетпен сипатталатын білім беру процесі. Оқушыларға академиялық бағдарлама бойынша оқуға мүмкіндік береді. Әр оқушының біртұтас дамуына бағытталған және оқушылардың алған білімдері мен дағдыларын жаңа академиялық және өмірлік жағдайларда қолдануға мүмкіндік туғызады.

Жаһандық азаматтық

Жаһандық азаматтық –жергілікті және ғаламдық мәнмәтінде әлемді жақсартуға ықпал ететін іс-әрекеттер мен жеке шешімдер қабылдауда білім мен дағдыларды қолдану.

Сандық азаматтық

Сандық азаматтық - бұл қоғамның игілігі үшін кез-келген азаматтың қауіпсіз, жауапты, тиімді цифрлық кеңістікте қатысуы мен мүдделерінің іске асыруы.