32

5-сынып оқушылары Республикалық олимпиаданың төртінші кезеңінде керемет нәтижелерге ие болды: қос қола медаль орыс тілі мен әдебиеті бойынша Жания Рамазановада (мұғалімі Гүлмира Умарбекова) және ағылшын тілі бойынша Тенгир Кандыкбаевта (мұғалімі Тамара Туржанова). Мирас Саудабай (мұғалімі Лазат Есімжанова) орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ерекше нәтиже көрсеткені үшін арнайы дипломмен марапатталды.

Сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен жас білгірлер де марапатталды.

Олимпиада шарты бойынша қатысушылар бір сағат ішінде таңдалған сегіз пәннен: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі бойынша сұрақтарға жауап берген. Ұйымдастырушы – «Дарын» РҒПО.