32

ISA оқушылары Русланбек Кәрім мен Мажит Имашев хоккейден Қазақстан чемионатына қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

Мектептің 9-сынып оқушылары Русланбек Кәрім мен Мажит Имашев «Барыс» балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде жаттығады. Олар құрамамен 2007 жылғы ер балалар арасында хоккейден өткізілген Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңіне қатысып, бір рет те жеңіліс таппай, топ бастады.

Русланбек пен Мажит осы спорт түрімен 9 жылға жуық уақыт айналысып келеді. Русланбек шабуылдаушы болса, Мажит қорғаушы. Екеуінің де арманы болашақта чемпион атану.

– Біз құрамамызбен алғашқы турдың барлық ойындарында жеңіске жеттік. Мен қатты қуандым. Алдағы уақытта да осындай жетістіктерге жеткім келеді. Уақыт өте Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетемін деп ойлаймын, – дейді Мажит Имашев.

– Мен болашақта Ұлттық Хоккей Лигасында ойнағым келеді. Әуелі ел ішінде одан кейін шетел асып, Америкаға барып, Қазақстанның атын шығарсам деймін, – деп жоспарларымен бөлісті Русланбек Кәрім.