37

Үш раундтық іріктеудің нәтижесі бойынша «Ғасырларға ұласқан махаббат лирикасы» атты поэтикалық баттлдың суперфиналына екі оқушымыз Линара Умирьяева мен Нұрсәуле Есбол өтті. Жетекшісі ‒ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әйгерім Жұматова.

Ұйымдастырушылардың, Нұр-Сұлтандағы Орыс үйінің, сөзінше, биыл поэтикалық жарысқа қатысушылардың саны айтарлықтай көп: еліміз бойынша жетпістен астам адам қатысқан. Үш кезеңнен тұрған іріктеу кезеңінің әрқайсысында жеңімпаз анықталған болатын.

‒ Әр кезеңнің көшбасшысы мұнша қатысушылардың ішінен оза шауып, өзгелерден ерекшелене білді. Олар жобаны, оның ерекшелігін сезініп, алдағы іріктеулер үшін жоғары деңгей орнатты, ‒ деп бөлісті қазылар алқасының мүшесі Арайлым Сламбекова.