23

Астана қаласындағы Халықаралық мектепте Латвия мектептерінің бірінде директор қызметін атқаратын Владимир Самохин мырза ресми іссапармен болып қайтты. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибе тарату департаментінің директоры Гүлнар Балғабаеваға еріп келген Самохин мырза мектептің кейбір бөлімдерінде оқу процесін ұйымдастыру жайымен жалпылама түрде танысты.

Шолу түрінде өткен экскурсия барысында директордың орынбасары Күләш Кабидолданова Еуропадан сапарлатып келген әріптесіне мектептің көптеген білім беру жобалары жайлы айтып берсе, ол болса өз кезегінде сыныптарды мұқият қарап шығып, жылыжайды, жаттығу залын, асхана мен кітапхананы аралады. Зертхана кабинеттеріне аса көп көңіл бөлінді. Білім берілетін ғимараттарды құрастыру мен жабдықтауға қатысты қазіргі заман талаптарына толық сәйкес келетін кампусқа шетелдік қонақ жоғары баға берді. Оқушылардың кірсе, күні бойы мектептен шыққысы келмейтіндіктері осының дәлелі емес пе? Сондай-ақ Самохин мырза мектепті басқарудың ұйымдастырушылық және қаржылық мәселелеріне, соның ішінде дабыл жүйесіне де қатты қызыққандығын байқатты.

Қонақтың айтуынша, замануи, жайлы, ең жаңа стандарттарға сай әрі техниканың соңғы үлгілерімен жабдықталған бұл ғимаратта аудиториялардан бастап, Шахмат Академиясына дейін оқушылардың ыңғайына қажеттің барлығы бар.

Сөзінің соңында директор қызметін уақытша атқарушы ретінде Күләш Кабидолданова Халықаралық мектептің екі оқу орны арасында тығыз байланыс орнатып, оқушылар мен ұстаздар арқылы өзара тәжірибе алмасуға дайын екендігін ерекше атап өтіп, осы сапардың екі ел өкілдерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, достықты одан әрмен жалғауға көмектеседі деген үміті барын жеткізді.