1105

Жыл сайын күз мезгілінде балабақшамызда дәстүрлі түрде балалар
шығармашылығын шыңдау мақсатында  табиғи материалдардан, күзгі жапырақ,
жеміс-жидектерден  көрме ұйымдастырылады.

Балалардың қолөнерік бұйымдары, идеялары өзіндік ерекшелігімен, орындалу
техникасымен, таңқалдырады. Табиғи материалдардан жасалған композициялар,
жапырақтар мен гүлдерден жасалған икебаналар  көптің көңілінен шығып,
қызығушылықтарын тудырды. Әр туындының  өзіндік мәні, өзіндік ерекшелігі
болды.