22

Әр жылдың қыркүйек айы бірінші сынып шәкірттері үшін де, халықаралық мұғалімдер үшін де бағыт-бағдар беретін апталықтан басталады. Бүгінгі жиналыс та мектеппен етене танысуға жетелеген алғашқы қадам болды. Бұл іс-шараны ұйымдастыра отырып, шетелдік мамандарға олардың атқаруға тиіс міндеттері мен жұмыс ережелері туралы мәлімет беру көзделді.

Кіріспе жиналысты мектептің сыртқы байланыстар жөніндегі менеджері Асия Калманова ашты. Ол өз сөзінде қатарға жаңадан қосылған Эдуард Анайя, Анастасия Михала және басқа шетелдік мұғалімдерді ыстық ықыласпен қошеметтеп, қызметке тұруға келіскендері үшін алғысын айтты. Директордың қаржы-шаруашылық қызметінің орынбасары Айгуль Уразахова, кадрлар бөлімінің инспекторы Жамал Даулетова, бас есепші Гульнара Бейсембекова және заңгер Айгуль Карабаспаковалармен бірге Калманова менеджер мұғалімдерді әріптестерімен, жетекшілерімен және бақылаушыларымен таныстырып, мектеп қызметкерлерінің тәртібіне қатысты кодекс пен жаңа оқу жылына арналған жоспарлар жайлы мағлұмат берді. Отырыс төрайымы сонымен бірге еңбек шарттары мен саясатын түсіндіріп, нақтырақ айтқанда: жұмыс пен демалыс уақыты, еңбекақының жай-жапсары, мәселен, қандай жағдайда төлем жасалатынын, еңбек демалысы мен жаңа жұмыскерлерге арналған сынақ мерзімі сынды мәселелерді көтерді.

Осындай шаралар бір апта бойы әлі де жалғасын табады. Жергілікті ұжым шетелдіктерге мектеп ғимаратын аралатып, маңызды жұмыс орындарын көрсетіп, қажет құрал-жабдықтар, электрондық почта адрестері мен компьютерді пайдалану мүмкіндіктерін ұсынады.

Қызметке тұрмай жатып мектебіміздің халықаралық мұғалімдері өздерін мақсатшыл, жігерлі кәсіпқой мамандар ретінде таныта білгендіктен, мектеп ұжымы, олар жаңа мекенге келіп, өздерінің қабілет-қарымдарын одан әрмен шыңдай түседі деп үміттенеді.