21

Осы күндері, желтоқсанның 20-сы мен 22-сі аралығында, балабақшамыздың бүлдіршіндері жаңажылдық ертегі әлеміне енуде. Оқиғаның барлығы мереке қаһарманадары түгелімен жиналып жатқан, Аяз ата жайғасып отырған ғажайып музыкалық залда өтуде.

Мәселен, бүгінгі іс-шара үстінде «Капельки» тобының балақайлары қоянмен бірігіп, от бейнесіндегі зұлымнан Аяз ата мен Ақшақарды құтқарды. Құтқару операциясына қонжық, гномдар мен қар ұшқындары болып киінген қыз балалар атсалысты. Балалармен қатар ертегі кейіпкерлері жұмылған әрекеттің арқасында Аяз атаны да, Ақшақарды да құтқару мүмкін болды. От сазайын тартып, қызықты ойындар ойнатылып, мерекелік шара билермен аяқталды. Бүлдіршіндер сыйлықтар мен тәттілер алып, жақсы көңіл-күйге бөленді.

Осыған ұқсас тамаша шаралар сонымен қатар «Солнышко», «Ақ бота», «Улыбка», «Радуга», «Жұлдыз», «Бәйтерек» және «Күншуақ» топтарында кесте бойынша ұйымдастырылуда. Мерекелік бағдарлама ойын-сауық пен сиқырдан құралды: бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, Аяз атаны күтіп, тілек тіледі.

Көңілді, жарқын, ертегі әлеміндегідей мейрамға қош келген балақайлар алдағы жылды жағымды естеліктермен қарсы алады деп үміттенеміз.