108

Балалар көктем мезгілінде картоп, аскөк, сәбіз, қияр сияқты көкөністерді егіп, жаз бойы өздері күтіп баптады, арам шөптерін жұлып еңбек етті. Таңертен балабақшаға келген бетте, балалар күнделікті  бақылауға алып өз ойларымен бөлісуге, күтім жасауға дағдыланды. Шелектерге су құйып, күннің көзіне қойып, туске қарай су жылығанда, суаруды үйренді.

Алғашқы қиярды көргендегі балалардың қуанышын жеткізу мүмкін емес. Қиярдың күнделікті тез өсетінін біліп, күнде таңертен келгенде өскен қиярларды жинап, көрші топтармен, балабақша қызметкерлерімен де бөлісетін болды. Күз мезгілінде картоп жинап, балабақша асханасына апарып, түскі ас дайындауға берді. Аспаз апайлар риза болып, алғыстарын айтты. «Еңбек түбі – береке» деген осы.