35

Астанадағы жоғары сынып оқушыларының арасында өткен экология және климаттың өзгеруі саласындағы инновациялық мектеп жобалары байқауында 9-сынып оқушысы Дарья Петинаның жобасы үздік 30 жұмыстың қатарына енді. Жетекшісі – биология пәнінің мұғалімі Балауса Ерменова.

Байқауда Дарья «Мал шаруашылығында құрғақ жемшөп қоспасындағы хлорелла биомассасын (Chlorella Vulgaris) алудың тиімді жолы» жұмысын ұсынды.

«Хлорелла өсірудің ең жылдам және тиімді әдісін табу және оны азыққа қолдану – өзекті мәселе. Хлорелла суспензиясы әрі жоғары калориялы азық қоспасы, әрі қолжетімді. Кез келген фермер хлорелланы салыстырмалы түрде төмен бағамен өсіріп, оны тыңайтқыш ретінде қолдана алады», деді жас ғалым.

Бұған дейін аталмыш жұмыс Республикалық ғылыми жобалар байқауының желілік кезеңініңде де жоғары бағаланып, республикалық БАҚ-тың назарына іліккен болатын.