57

Еліміздегі ең беделді университетке түсу, оның шарттары мен артықшылықтары жөнінде NU-ға түсу сұрақтары бойынша маманы Алина Максатова мен аталмыш оқу орнының студенті Назира Кыдырбаевамен кездесу өтті. «Даналық бейсенбі» жобасы аясында өткен шарада университеттегі оқу бағдарламасының ерекшеліктері жөнінде айтылды.

Мектебіміздің ішкі қатынастар жөніндегі Жанна Касенованың сөзінше, бұл Назарбаев университетімен бірлескен жұмыстардың басы ғана. Алда оқушыларымызды университеттің ғылыми-зерттеу лабораториясына экскурсия жоспарланған.

«Даналық бейсенбі» – түрлі саладағы өз ісінің шеберлері, айтулы азаматтар, кәсіби майталмандармен жүздесу кештері.