16

«ACE» теннис орталығында ATF Junior 14&under Aktobe (G2) турнирі өтті. 14-18 қараша аралығында өткен сайыста Қазақстан, Ресей және Қырғызстанның 14 жасқа дейінгі кәсіби теннисшілері бақ сынасты. Астана Халықаралық мектебінің 8 «В» сыныбының оқушысы Гаухар Ақтан аталған турнирде ІІІ орын иеленді.

– Бұл менің Азия теннис федерациясының ұйымдастыруымен өткізілген алғашқы халықаралық турнирім. Мен жұптық дәрежеде қола медальға ие болдым. Бұл менің спорттағы соңғы жетістігім емес. Жаттықтырушымның, отбасымның және мектептің қолдауымен бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізетініме сенімдімін, – дейді Гаухар.