27

Айтарлық жайт, маусымның 19 және 23 күндері аралығында Алматыдағы республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатында өткен еліміздің ең айтулы «Бастау» математикалық олимпиадасы туралы хабарды біз назардан тыс қалдыра алмаймыз. Бұл байқауға екі бөлек орыс және қазақ команадаларын құраған мектебіміздің алты оқушысы қатысып, олардың барлығы тамаша нәтижелерге қол жеткізді.

Олар бүкіл Қазақстаннан жиналған 141 баланың ішінен суырылып шығып, математикалық қабілеттері мен білімдерін көрсетті. Ақыр аяғында қос командамыздың бірі әр аймақтан келген 46 командамен жарыса келе, топтық есепте үшінші орынға табан тіреді. Жеке есепте Алихан Жетпіс бас жүлде – Гран-приді қанжығасына байласа, Ерсайын Жарасбаев бірінші орынды иемденіп, ал Артур Терехов болса екінші орынды қанағат тұтты. Тамерлан Искаков, Айдын Қуаныш пен Ансар Курманалиев грамоталармен марапатталды. Сөйтіп 10-ыншы олимпиадада үздік үштіктің қатарынан бой көрсеткен олар Астана қаласындағы Халықаралық мектептің өкілдері ретінде келген 2, 3 және 4 сынып шәкірттерінің оқу бағдарламасын өте жақсы меңгеріп жүргендерін байқатты. Бұл – ауыз толтырып айтарлық жетістік, себебі қатысушылар саны әжептәуір көп болды. Мектебіміз оларды ерекше мақтан тұтады әрі бастауыш сыныптардың ұстаздарын және балаларды дайындағандары үшін математика пәні мұғалімдерін, атап айтқанда, Абзал Кашкынбаев пен Сындар Сатбаевты құттықтап, алғыс білдіреді. Жеңімпаздарымызға жарайсыңдар дейміз!