192

Мектепке түсуге тілек білдірушілерге арналған ақпарат

Конкурстық іріктеуге тіркелу

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы «Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп» оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында оқушыларды ақылы негізде қабылдауға арналған келесі ақпаратты жариялайды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектебіне түсуші тәрбиеленуші\оқушыларға арналған тестілеу туралы ақпарат

СыныптарӨткізу нысаныӘңгімелесу/тестілеуден өту ұзақтығы
Мектеп алды даярлық тобы (қазақ, орыс және ағылшын тілінде)Психологиялық-педагогикалық әңгімелесу:
– танымдық іс-әрекеттің даму диагностикасы
25 минут
1-сынып (казақ, орыс және ағылшын тілінде)Психологиялық-педагогикалық әңгімелесу:
– жалпы қоршаған орта туралы (8 тапсырма);
– баланың зияткерлік даму деңгейін диагностикалау (7 тапсырма);
– баланың жаратылыстану-математика ғылымдарын зерделеу бейімділігін диагностикалау (7 тапсырма);
– психикалық үдерістерін диагностикалау (4тапсырма).
35 минут


2-9  ̶  тек қазақ сыныптарыПәндік тест:
– математика
– қазақ тілі
– ағылшын тілі
Жалпы 90 минут
2-9  ̶  тек орыс сыныптарыПәндік тест:
– математика
– орыс тілі
– ағылшын тілі
Жалпы 90 минут
2  ̶  тек ағылшын сыныптарыПәндік тест:
– математика
– ағылшын тілі
Жалпы 90 минут

Тестілеу қорытындысы 10 (он) жұмыс күн ішінде заңды тұлғалардың электронды пошталарына жіберіледі. Апелляция қарастырылмаған.


2021-2022 оқу жылына арналған бір оқушыға шаққандағы төленетін оқу ақысы:

№ п\пОқушы\тәрбиеленуші категориясыҚР РезиденттеріҚР Бейрезиденттері
1Жаңадан қабылданған оқушылар және балабақша тәрбиеленушілер үшінКіру жарнасы 320000Кіру жарнасы 320000
21 сынып1 600 0002 560 000
32 сынып1 600 0002 560 000
43 сынып1 600 0002 560 000
54 сынып1 680 0002 688 000
65 сынып1 850 0002 960 000
76 сынып1 850 0002 960 000
87 сынып2 000 0003 200 000
98 сынып2 000 0003 200 000
109 сынып2 000 0003 200 000
1110 сынып2 500 0004 000 000
1211 сынып2 500 0004 000 000
1312 сынып2 500 0004 000 000

Кіру жарнасы мектептің білім беру ортасын одан әрі жақсартуға жұмсалады. Төлем бір реттік және қайтарылмайды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектебінің іріктеу конкурсына қатысу үшін, үміткердің ата-анасы (заңды өкілдері) көрсетілген уақытта қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

1-сыныпқа қабылдану үшін:
1.Өтініш;
2.Тіркеу формасы;
3. Мектепке қабылданушы үміткердің туу туралы куәлігі немесе төлқұжат көшірмесі. (міндетті түрде ЖСН көрсетілуі қажет);
4. Баланы денсаулық паспортының көшірмесі, осы жылғы жазбалары бар 026-формасы;
5. Мектепке қабылданушы үміткердің 3х4 форматындағы суреті (екі дана);
6. Ата-анасының (заңды өкілдерінің) жеке куәліктерінің көшірмесі.

2-9-сыныптарға қабылдану үшін:
1.Өтініш;
2.Тіркеу формасы;
3. Мектепке қабылданушы үміткердің туу туралы куәлігі немесе төлқұжат көшірмесі (міндетті түрде ЖСН көрсетілуі қажет);
4. Баланың денсаулық паспортының көшірмесі, осы жылғы жазбалары бар 026-формасы;
5. Мектепке қабылданушы үміткердің 3х4 форматындағы суреті;
6. Ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмесі.

Мына себептер құжат қабылдаудан бас тартуға негіз болады:
– мектепке іріктеу конкурсының уақытынан кешіккен жағдайда;
– тізім бойынша құжаттардың толық болмауы;

  • академиялық әділдік талабы сақталмаған жағдайда.