61

Астана қаласындағы Халықаралық мектептің балабақша тәрбиеленушілеріне арналған экскурсия өтті. Балаларға мектеп спортзалы, концерт залы, телестудия, үйірмелер кабинеті, жылыжай, кітапхана, дәріс залы және оқу кабинеттері көрсетілді. Үйірме кабинетіндегі қолдан жасалған туындылар бүлдіршіндердің ерекше ықыласына ие болды. Бірінші сынып оқушылары өздерінің ізбасарларын жылы қарсы алды. Эксурсия кезінде шетел мұғалімдерін жолықтырған балабақша тәрбиеленушілері олармен ағылшын тілінде сөз алмасты. Бүлдіршіндерді Астана қаласындағы Халықаралық мектептің оқушылары ретінде көруге қуанышты боламыз.