135

Бүгін таңертең Астана қаласындағы Халықаралық мектеп балабақшасының есік аузында қызыл кілем төсеніш жайылып, жарқылдаған камералар түлектерді күтіп тұрды. Бұл Голливуд фильмінің тұсаукесері емес. Осылайша тәрбиешілер балабақшамен қоштасу мерекесін тойлау үшін ән-күй залына бет алған кішкентай ханымдар мен мырзаларды қарсы алудың қамын жасады. Бұл іс-шара – «Радуга» тобының балабақшаны бітіру ертеңгілігі. Келген қонақтарға қошемет көрсеткен балабақша меңгерушісі Жанат Медет: «Біз түлектерімізге жолдама бердік. Бұл – оларды алдыда күтіп тұрған ұзақ өмір жолының басталған жері ғана. Сондықтан біз балаларға да, олардың әке-шешелеріне де ғұмырлық бақыт пен денсаулық тілейміз»,-деді.

Шара барысында бүлдіршіндер көп ән айтып, би билеумен болды. Сондай-ақ олар кейбір ата-аналармен бірге ойын да ойнады. Рәсімнің соңында барлық 14 түлек ұстаздарының қолынан дипломдарын алды. Осы оқиғаны атап өтудің өз мақсаты болды, себебі балаларға соңғы бірнеше жыл бойы қамқор болған мұғалімдері мен сыныптарымен жабықпай қоштасуларына көмектесу еш артық етпейді.

Дәл осы күні Халықаралық мектептің шаңырағында балабақшамен қоштасқан «Солнышко» тобының бүлдіршіндеріне арналған тағы бір ертеңгілік өтті. «Солнышко» тобының түлектері сахна төрінде балабақшадан алған әсерлерімен бөлісіп, актерлік шеберліктерін, ән мен би өнерінде жеткен жетістіктерін паш етіп, соңғы үш жыл ішінде сабақтар үстінде қаншама пайдалы ілім жинағандарын көрсетті.

Бұл салтанатты рәсім қуаныш пен гармонияға толды. Оған балақайлар, соның ішінде түлектерге қош бол айтуға келген төменгі топ шәкірттері ұсынған көңіл жібітерлік номерлер септік етті. Тыстағы ауа-райы суық тартқанымен, қол шапалақтаған көрермен мен көңілді күлкі ортаны жылытып жіберді. Бүлдіршіндер ағылшын тіліндегі Күнге арналған ән сынды әндерді шырқап, қысқа қойылым жасап, өлең оқыды. Ұстаздар қауымы әрбір балаға диплом мен виньетка табыстады. Ата-аналар болса қол соғып, қолпаштап, суретке түсіріп отырды.

Түлектердің табыстарын тілге тиек еткен Ольга Ковтунец: «Бұрынғы ертеңгіліктердің ескі кадрларын қарастыра отырып, біз балаларымыздың алғашқы күндерін еске алудамыз, сөйте отырып олардың қаншалықты өзгергендерін байқап отырмыз. Сондықтан барлық ата-аналар тәрбиешілерге алғыстарын білдіргісі келетіндерін білемін. Барлығының атынан рақмет айтуға рұқсат етіңіздер. Құтты болсын!», – деп қайырды.