52

Астана қаласындағы Халықаралық мектеп балабақшасында биылғы жылы күз мерекесі ерекше форматта атап өтілді. Балабақша қызметкерлері ұйымдастырған «Autumn festival» мерекелік шарасына балалармен бірге ата-аналар да қатысуға мүмкіндік алды.

Күзгі мереке көңілді биден бастау алып, «Арт», «Драма», «Спорт » және «Музыка» аялдамаларындағы  қызықты ойындар мен қойылыммен жалғасты.  Қатысушылар «Арт» аялдамасында психолог және логопед мамандарымен бірге түрлі  жаттығулар жасап, күзгі бояулармен өздеріне берілген тапсырмаларды орындады.

Тәрбиешілерден құралған «Драма» аялдамасында бүлдіршіндер мен ата-аналар ертегі әлеміне саяхат жасады. Балабақша тәрбиешілері балаларға сахналық қойылым көрсетті. Хореограф пен музыка жетекшісі бірлесіп «Музыка» аялдамасында көңілді би мен қызықты ойындар ойнатып, әсем ән шырқалды. Ал «Спорт» аялдамасы балаларға ерекше көңіл-күй сыйлау мақсатында эстафеталық ойындар ұйымдастырды. Ата-аналар балалармен бірлесіп, қызықты спорттық тапсырмаларды орындады.