40

Астана Халықаралық мектебінде «Ұлы дала ақындары» және «Замандастар жырлайды» жобалары аясында «Ақын – елдің ардағы» атты әдеби кеш өтті. Шараға 6-9-сынып оқушылары қатысты.

Ұйымдастырушылары: педагог-ұйымдастырушы-кураторлар Құсман Бекболатов, Әділ Рамазанов және қазақ тілі мұғалімдері Салтанат Асанбаева, Еңлік Ғазиз, Анар Сапарғалиева.