31

Астана халықаралық мектебінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткізіліп жатқан іс-шаралар легі жалғасын тапты. Бүгін 6-7-сынып оқушылары арасында мектепішілік «Ашық диктант жазу» шарасы өтті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің айтуынша, іс-шараның мақсаты – Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының ерен еңбегін өскелең жас ұрпақтың бойына сіңіріп, ақынның өмірлік қағидаты болған дара жолын насихаттау. Сондай-ақ, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнату да көзделіп отыр.

Осы мақсатта 6-7-сынып оқушылары жазған диктанттың мәтінін Дана Нұржігіт құрастырып, ұсынды. Диктант жазбас бұрын оқушыларға барлық талаптар мен ережелер түсіндірілді. «Жақсы нәтиже күтеміз», – деп түйіндеді ұйымдастырушылар.