225

Астана Халықаралық мектебінде ата-аналар комитетінің төрайымын сайлау өтті. Жиын директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Ақбар Тусупбаевтың сөзінен бастау алды. Ол 2022-2023 оқу жылына арналған ата-аналар комитетінің құрылымын таныстырып, сайлаудың өту тәртібін түсіндірді.

Мектепішілік ата-аналар комитеті Меруерт Джамбурбаева өткен оқу жылында жүргізілген жұмысқа қатысты есеп беріп, ата-аналар мен мектеп әкімшілігіне артылған сенім үшін алғыс білдірді.

PYP ата-аналар комитетінің төрайымы лауазымына 3 үміткер және MYP/DP ата-аналар комитетінің төрайымына 1 үмітікер бағдарламаларын ұсынып, жоспарларын таныстырды.

Жабық дауыс беру жүргізілді. Ата-аналар өз таңдауларын жасады. 2022-2023 оқу жылының ата-аналар комитетінің төрайымы болып Ардак Султанова тағайындалды. MYP/DP ата-аналар комитетінің төрайымын сайлау 28 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Мектеп директоры Айдар Булатов қорытынды сөз сөйлеп, шараның нүктесін қойды.