26

     Сапар барысында Асхат Қанатұлы мектеп ұстаздарымен және оқушыларымен кездесу өткізді.

     Асхат Аймағамбетов білім саласындағы тәжірибесімен және соңғы жылдар ішінде жасалған өзгерістерімен бөлісті. Ол балалардың заманауи жабдықталған мектептерге бару мүмкіндігін және олардың әлеуетін дамыту үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

     Мектеп оқушылары мүмкіндікті пайдаланып, Қазақстандағы білім берудің қазіргі жағдайы мен бұрынғы министрдің алдағы жоспарлары туралы қызықты сұрақтар қойды. Аймағамбетов білім беру жүйесіндегі цифрландырудың маңыздылығы, инновациялық әдістерді енгізу, білім беру мекемелерінің инфрақұрылымын жаңарту қажеттігін айтты.

     Сапар соңында Асхат Қанатұлы мектеп оқушылары мен ұстаздарына кездесу барысында берген сұрақтары үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта оқуларына табыс тіледі.