23

Конференция барысында 5 спикер жұмыс пен өмірдің тепе-теңдігіне және жасанды интеллекті дамытуға қатысты мәселелерді талқылады.

      Жоба аясында мұғалімдер мен оқушылар өздерінің пайдалы және қызықты идеяларымен бөлісуге мүмкіндік алды.

Қызықты презентацияның арқасында аудитория AI дамытудың негізгі қағидаттарымен танысты, кәсіби шаршауды болдырмау үшін қандай әрекеттер жасау керектігін білді.

      8-сынып оқушысы Еңлік Мереймен бірге біз «нағыз адам» деген сөз тіркесінің мағынасын ашуға тырыстық. Әлемде 7 миллиардтан астам адам бар, сыртқы түріміз бірдей болғанымен, бірақ бұл тіркестің де мағынасы басқа екені белгілі болды.

     Спикердің айтуынша, «Нағыз адам болу – үлкен мәселе. Бұл оның батыл болып, кез келген іске немқұрайлы қарамау керек дегенді білдіреді. Мұндай адамдарды басқалардан бірден ажырата аласыз, олар біршама ерекшеленеді және адамдарды өзіне тартады, ал IB профилі осы қасиеттердің барлығын алуға көмектеседі».

«Адам болу дегеніміз – біреудің қиналғанын көргенде шетте қалмау, дер кезінде көмекке келу және барлық тіршілік иелеріне бей-жай қарамау» деп спикер сөзін аяқтады.

        Конференция пікірлес адамдардың бірегей ортасына айналып, қатысушыларға жаңа білім берген тәжірибе болды. Іс-шара соңында баяндамашыларға алғыс хаттар табыс етілді.