19

«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында 8-сыныптар арасында «Елеусіз қалған тарих» лекция сабағы өтті. Қонақта археолог, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті, Назарбаев Университетінің ассистент мұғалімі Айдын Жүнісхан болды.

Ол оқушыларға «Археология деген не?» тақырыбында лекция өткізіп, археологтың жұмысы, археологияның ерекшеліктері және өзінің жүргізген зерттеу жұмыстары жайында ақпарат берді. Сондай-ақ, оқушыларға ежелгі дәуірге жататын тастарды алып келіп, көрсетті. Балалар зор ықылас білдіріп, қызықтырған сұрақтарын қойды.

Шараның ұйымдастырушылары – кураторлар Алтынай Мұхаметжан мен Динара Уразалина және тарих пәнінің мұғалімі Жанна Есілбаева.