105

Наурыз мерекелік апталығы аясында аптаның әр күнін балалар қазақтың дәстүрлі ән-күйлеріне таңертеңгілік жаттығу жасаудан бастады.

Апталық аясында «Көрісу», «Балаларға азан шақырып ат қою», «Тұсау кесу», «Бесікке салу» сынды қаймағы бұзылмаған қазағымыздың    дәстүрлері дәріптеліп, күн мен түннің теңелуі жөнінде «Айсұлу мен Күнсұлу» ертегі қойылымы қойылды.

Екі күн бойы балалар «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты ойын  жәрмеңкесіне қатысты. Ұлтық ойындарымыз «Тақия тастамақ», «Қамшы салу», «Шаңырақ», «Арқан тартыс», «Қол қүрес» сынды ойындарды балалар қызығушылықпен ойнады.

«Салт-дәстүрім – таусылмайтын байлығым» тақырыбында әр топ қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетті. Балалар аптаның әр күні «Ою-өрнектер сөйлейді»  атты шығармашылық жұмыстарымен өз отбасыларына сый-сыяпат әзірледі. Мерекелік апталық «Қара жорға» ұлттық биімен аяқталды.