8

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп» филиалы 2022-2023 оқу жылында балабақша мен мектепалды даярлық топтарына үміткерлерді қабылдау мақсатында ақылы негізде қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде оқыту мен тәрбиелеу бойынша құжаттар қабылдайтыны туралы хабарлайды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі

Құжаттар 2021 жылдың 1 маусымнан 30 маусымға дейін (қоса алғанда) қабылданады. Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан   қаласы, Түркістан көшесі, 32/1, тел.: 8 701 813 38 63, 8 701 606 25 14.

Қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін. Түскі үзіліс сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектебінің балабақшасына қабылдану үшін үміткердің ата-анасы (заңды өкілдері) белгіленген мерзімде өтініштерді қарау үшін admissions_isa@isa.nis.edu.kz поштасына жіберу керек Өтініш формасын жүктеу үшін сілтемені басыңыз.

Келісімшартқа қол қою үшін балабақшаға үміткердің ата-аналары (заңды өкілдері) келесі құжаттарды ұсынуы керек:

1. Өтінішті (электронды форматта мектеп сайтынан жүктеуге болады;

2. Ата-аналардың (заңды өкілдердің) жеке куәлігі);

3. Балабақшаға үміткердің туу туралы куәлігі немесе үміткердің шетелдік паспорты (ЖСН міндетті түрде көрсете отырып);

Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін балабақшаға келу үшін келесі құжаттарды дайындау қажет:

1. Денсаулық паспорты № 026.

2. Егу картасы № 063.

3. Гельминт жұмыртқаларының нәжісті талдауы.

4. Эпидорталығы туралы анықтама.

5. Балабақшаға үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі немесе мектепке үміткердің паспортының көшірмесі (ЖСН міндетті түрде көрсетілуі тиіс);

6. Ата-анасының (заңды өкілдерінің) жеке куәлігінің көшірмесі.

Төмендегі жағдай бойынша балабақшаға қабылданбауы мүмкін:

1) үміткердің балабақшаға қабылдануы үшін 3 жасқа толмауы;

2) бос орындардың болмауы.

Ескерту: Балабақша мына мекен-жайда орналасқан:

Нұр-сұлтан қ., Есіл ауданы, Е-321 көшесі, 6/1 ғимарат (Family Village ауданы).

2ГИС бойынша 319, 4 ғимарат.