2

Астана Халықаралық мектебінің 7-сынып оқушылары мен ата-аналары «Толағай» эстафеталық ойынына қатысты. Бұл шараны дене шынықтыру және қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері мен жауапты кураторлар ұйымдастырды.

Эстафеталық ойын «Таныстыру», «Адасқан әріптер», «Ойна да, ойла», «Сөз мерген», «Кім жылдам әрі мықты?» атты 5 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде қатысушы командалар спорттық қабілеттерімен қоса, қазақ тілін білу деңгейін де көрсетті.

– Эстафета қызық өтіп жатыр. Бұндай шаралардың маңызы зор. Менің қызым, Данеляның осы мектепте оқып жатқанына биыл 7 жыл. Бұндай сайыстарға қатысу мүмкіндігі әрдайым бола бермейді. Десе де, орайы келгенде, сәтті пайдаланамыз. Бұл шарада тек күш емес, қазақ тілінен білімнің болғаны да маңызды болды. Пәндерді араластырғаны ұнады, – дейді Данеля Сыздықованың әкесі Әділ Сыздықов.

Сайыстың қорытындысы бойынша, 7 «D» сыныбының «Қыран» тобы І, 7 «А» сыныбының «Сұңқар» тобы ІІ, 7 «В» сыныбының «Қыран» тобы ІІІ орын иеленді.