59
Астана қаласындағы Халықаралық мектептің Психологиялық қызметі
АБҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептер» филиалдарының Психологиялық қызметі туралы 09.09.2015 ж. (№47 хаттама) Ұйым басқармасының шешімімен бекітілген Типтік ережесіне сәйкес, Астана қаласындағы Халықаралық мектепттің Психологиялық қызмет іс-әрекетінің мазмұны мен негізгі бағыттары анықталады:
- 1. Психологиялық ағарту
- 2. Психологиялық профилактика;
- 3. Психологиялық диагностика;
- 4. Психологиялық коррекция;
- 5. Кеңес беру қызметі.
Психологиялық қызмет құрамы | Калиева Назерке Багдатовна педагог-психолог | Мусабекова Маржан Мухамедкановна педагог-психолог | Сарбасова Күнсая Қыдырбекқызы педагог-психолог |
Сыныптар | 1А,1В,2А, 2В 3A, 3 B, 4A, 4 B 5A, 5 B, 6А, 6В ,7A 7В ,8A ,8 В ,9A 9В ,10А ,11 А ,12 А | 1C,1D,1 I ,1F, 1Е,1G, 1H, 2C, 2D, 2 E, 2F,2G,2H, 2I, 3C,3D,3E,3F,3G, 3H,4C,4D,4H,4E,4 G | 4I, 4F,5C,5D,5E 5F,6С,6Е,6D,6F 7 D,7E ,7C,7F 7G,8С, 8Е,9Е 9D,9С,10B,10 C 11C,11 В ,12 В |
Ата-аналарды қабылдау кестесі | Бейсенбі,15.00-17.00 | Сейсенбі,15.00-17.00 | Сәрсенбі, 15.00-17.00 |
Байланыс | Kaliyeva_N@isa.nis.edu.kz 219 каб. | musabekova_m@isa.nis.edu.kz 219 каб. | sarbasova_k@isa.nis.edu.kz 219 каб. |
Біздің мектеп ата-аналарына психологтан берілетін жалпы ұсыныстар:
- – Өз балаңыздың махаббатын бағалаңыз!
- – Баланың өз бетімен жұмыс істеуіне, шешім қабылдауына барынша мүмкіндік жасаңыз;
- – Шектеу жасау немесе жазалау кезінде бала бұның себебін анық түсінуі қажет;
- – Тыйым салу мөлшерден аспауы тиіс. Баланың табиғатында қарсы тұру рухы бар екенін ұмытпаған дұрыс;
- – Ешқандай телевизор, гаджет немесе репетитор Сізді, Сіздің баламен қарым-қатынасыңызды алмастыра алмайтынын есіңізде ұстаңыз!
- – Өзіңізде әзілдесе алу қабілетін дамытыңыз. Балаңыздың Сізбен бірге күлуіне, әзілдесуіне мүмкіндік беріңіз.
- – Бала Сізден мұғалім, мектеп туралы тек жағымды сөздерді естігені дұрыс.
- – Балалық шақтың тым қысқа екенін есіңізде ұстаңыз. Балалық шағында бала болып өсуіне мүмкіндік бермесек, оның балалық шағы өмір бойы жалғасуы мүмкін!
АТА-АНА ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН БАҚЫТ – БАЛАСЫН ӨЗ-ӨЗІНЕ СЕНІМДІ ҚАЛЫПТАСҚАН АДАМ РЕТІНДЕ КӨРУІ