253
Астана Халықаралық мектебіне қабылдау кезендері

- Онлайн тіркелу;
- Оқуға түсу тестін тапсыру;
- Оқуға қабылдау немесе қабылдамау жөнінде нәтижесін алу;
- Оқушының жеке іс қағазын, медициналық құжаттарын тапсыру және келісімшартқа қол қою.
Онлайн тіркелу 01.12.2022 бастап 21.12.2022 (қоса алғанда) аралығында қолжетімді.
Тіркеу кезінде ата-аналар оқу тілін таңдап, тек бір таңдаған оқыту тілінде конкурстық іріктеуге қатысуға мүмкіндік алады.
Үміткер онлайн тіркеуден өткеннен кейін электрондық пошта арқылы таңдалған сыныпқа сәйкес тестілеуге (6-9 сыныптар үшін) шақырылады.
Тестілеу күні – 26.12.2022.
Нәтижелерді жариялау күні – 27.12.2022
Оқушының жеке іс папкасы, медициналық құжаттар және оқуға түсуге ұсынылған үміткерлермен келісімге қол қою күндері 28.12.2022 бастап 05.01.2023 аралығында өтеді.
1-ші мен 5-ші сынып оқушыларының толық жинақталуына байланысты қосымша қабылдау және конкурстық іріктеу жүргізілмейді.
Ескерту: Барлық кейінгі хат-хабарлар (тестілеуге шақыру, конкурстық іріктеу нәтижелері) электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Онлайн тіркелу келесі сыныптарға қол жетімді
Сынып | Оқыту тілі | Бос орындар |
1 | қазақ, орыс, ағылшын тілі | орын жоқ |
2 | қазақ, орыс, ағылшын тілі | орын жоқ |
3 | қазақ, орыс, ағылшын тілі | орын жоқ |
4 | қазақ тілі, орыс тілі | орын жоқ |
5 | қазақ тілі, орыс тілі | орын жоқ |
6 | қазақ тілі, орыс тілі | бар |
7 | қазақ тілі, орыс тілі | бар |
8 | қазақ тілі, орыс тілі | бар |
9 | қазақ тілі, орыс тілі | бар |
Астана қаласындағы Халықаралық мектебіне түсуші тәрбиеленуші\оқушыларға арналған тестілеу туралы ақпарат
Сыныптар | Өткізу нысаны | Әңгімелесу/тестілеуден өту ұзақтығы |
Мектеп алды даярлык тобы (қазақ, орыс және ағылшын тілінде) | Психологиялық-педагогикалық әңгімелесу: – танымдық іс-әрекеттің даму диагностикасы | Орындау уақыты – 25 минут |
1сынып ( казақ, орыс және ағылшын тілінде ) | Психологиялық-педагогикалық әңгімелесу: – жалпы қоршаған орта туралы (8 тапсырма); – баланың зияткерлік даму деңгейін диагностикалау (7 тапсырма); – баланың жаратылыстану-математика ғылымдарын зерделеу бейімділігін диагностикалау (7 тапсырма); – психикалық үдерістерін диагностикалау (4тапсырма). | Орындау уақыты – 35 минут |
2,3,4,6,8- тек қазақ сыныптары | Пәндік тест: – математика – қазақ тілі – ағылшын тілі | Жалпы 90 минут |
3,4,6- тек орыс сыныптары | Пәндік тест: – математика – орыс тілі – ағылшын тілі | Жалпы 90 минут |
2 – тек ағылшын сыныптары | Пәндік тест: – математика – ағылшын тілі | Жалпы 90 минут |
Тестілеуден сәтті өту үшін әр пәннен кемінде 40% балл жинау керек.
2022-2023 оқу жылына арналған бір оқушыға шаққандағы төленетін оқу ақысы:
№ п/п | Оқушылардың санаты | ҚР азаматтары, оқу жылдық ақысы, тенге | ҚР азаматтары емес, оқу жылдық ақысы, тенге |
1 | Жаңадан қабылданғандар үшін кіру жарнасы * | 320 000 | 320 000 |
2 | Балабақша | 2 000 000 | 3 170 000 |
3 | Мектепке даярлық | 2 000 000 | 3 170 000 |
4 | Мектепке даярлық (ағылшын тілінде) | 2 820 000 | 3 170 000 |
5 | 1 сынып | 1 800 000 | 2 820 000 |
6 | 1 сынып (ағылшын тiлiнде) | 2 530 000 | 2 820 000 |
7 | 2 сынып | 1 800 000 | 2 820 000 |
8 | 2 сынып (ағылшын тiлiнде) | 2 530 000 | 2 820 000 |
9 | 3 сынып | 1 800 000 | 2 820 000 |
10 | 3 сынып (ағылшын тiлiнде) | 2 530 000 | 2 820 000 |
11 | 4 сынып | 1 850 000 | 3 000 000 |
12 | 5 сынып | 2 050 000 | 3 300 000 |
13 | 6 сынып | 2 050 000 | 3 300 000 |
14 | 7 сынып | 2 200 000 | 3 520 000 |
15 | 8 сынып | 2 200 000 | 3 520 000 |
16 | 9 сынып | 2 200 000 | 3 520 000 |
17 | 10 сынып | 2 750 000 | 4 400 000 |
18 | 11 сынып | 2 750 000 | 4 400 000 |
19 | 12 сынып | 2 750 000 | 4 400 000 |
*Кіру ақысы мектептегі білім беру ортасын одан әрі жақсарту үшін пайдаланылады. Төлем бір реттік және қайтарылымсыз. Кіру жарнасының сомасы білімнің жалпы құнына кірмейді.
1. Оқу құнына академиялық бағдарлама және таңдауға болатын екі сабақтан тыс үйірме кіреді.
2. Оқу ақысын төлеудің кезеңдік төлемінің мөлшері мен мерзімі 2022-2023 оқу жылына белгіленеді.
- – Кезендік төлемнің мөлшері жалпы білім беру құнының кемінде 1/3 бөлігін құрайды.
- – Бастапқы төлем мен кіру жарнасы Шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төленуі тиіс;
- – Аралық төлем-2022 жылдың 1 қарашаға дейін төленуі тиіс;
3. Жазбаша өтініш негізінде заңды өкілдерді оқытуға жеңілдік беріледі:
- – Филиалда оқитын немесе балабақша тәрбиеленушісі болып табылатын 2-ші балаға -10%;
- – Филиалда оқитын немесе балабақшаның тәрбиеленушісі болып табылатын 3-ші және әрбір келесі балаға -15%.
4. Оқушылар күніне 3 мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі (таңғы ас, түскі ас және бесіндік). Бір күндік тамақтану құны 2 850 (екі мың сегіз жүз елу) тенге. Тамақтану ақысы ай сайын төленеді.
Барлық сұрақтар бойынша келесі номерге хабарласыңыз +7 (747) 022 45 29