83

2024-2025 оқу жылына 1-11-сыныптарға қабылдау үшін конкурстық іріктеуге қатысуға онлайн тіркеу 2024 жылдың 13 тамызда аяқталады.

Астана қаласындағы Халықаралық мектебіне қабылдау кезендері.

  1. 1. Онлайн тіркелу;
  2. 2. Оқуға түсу үшін сұхбаттасуды өту немесе тестін тапсыру;
  3. 3. Оқуға қабылдау немесе қабылдамау жөнінде нәтижесін алу;
  4. 4. Оқушының жеке іс қағазын, медициналық құжаттарын тапсыру және келісімшартқа қол қою.

1. Онлайн тіркелу 31.07.2024 — 13.08.24(қоса алғанда) аралығында қолжетімді болады.

Тіркеу кезінде ата-аналар оқу тілін таңдап, тек бір таңдаған оқыту тілінде конкурстық іріктеуге қатысуға мүмкіндік алады.

2. Үміткер онлайн тіркеуден өткеннен кейін электрондық пошта арқылы таңдалған сыныпқа сәйкес сұхбатқа (1-ші сыныптар үшін) шақырылады.

Сұхбаттасу күндері – 03.06.2024 — 07.06.2024 (1-ші сыныптар үшін)

Тест күндері – 06.06.2024 (2-11 сыныптар үшін)

3. Тестілеудің нәтижелерін жариялау күні – 17.06.2024 (1-11-ші сыныптар үшін)

4. Құжаттарды қабылдау уақыты 21-23 тамыз аралығында.

Ескерту: Барлық кейінгі хат-хабарлар (тестілеуге шақыру, конкурстық іріктеу нәтижелері) электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Барлық сұрақтар бойынша келесі номерге хабарласыңыз +7 (747) 022 45 29

Астана қаласындағы Халықаралық мектебіне түсуші тәрбиеленуші\оқушыларға арналған тестілеу туралы ақпарат

СыныптарӨткізу нысаныӘңгімелесу/тестілеуден өту ұзақтығы
Мектеп алды даярлык тобы (қазақ, орыс және ағылшын тілінде)Психологиялық-педагогикалық әңгімелесу:
– танымдық іс-әрекеттің даму диагностикасы
Орындау уақыты – 25 минут
1сынып ( казақ, орыс және ағылшын тілінде )Психологиялық-педагогикалық әңгімелесу:
– жалпы қоршаған орта туралы (8 тапсырма);
– баланың зияткерлік даму деңгейін диагностикалау (7 тапсырма);
– баланың жаратылыстану-математика ғылымдарын зерделеу бейімділігін диагностикалау (7 тапсырма);
– психикалық үдерістерін диагностикалау (4тапсырма).
Орындау уақыты – 35 минут
2,3,4,6,8- тек қазақ сыныптарыПәндік тест:
– математика
– қазақ тілі
– ағылшын тілі
Жалпы 90 минут
3,4,6- тек орыс сыныптарыПәндік тест:
– математика
– орыс тілі
– ағылшын тілі
Жалпы 90 минут
2 – тек ағылшын сыныптарыПәндік тест:
– математика
– ағылшын тілі
Жалпы 90 минут

Тестілеуден сәтті өту үшін әр пәннен кемінде 40% балл жинау керек.

2024–2025 оқу жылының оқу ақысы төменде көрсетілген.

Оқушылардың санатыҚР азаматтары, оқу жылдық ақысы, теңгеҚР азаматтары емес, оқу жылдық ақысы, теңге
Орыс тілі/Қазақ тіліАғылшын тіліОрыс тілі/Қазақ тілі/Ағылшын тілі
1-4 сыныптар2 700 0003 600 0004 200 000
5-9 сыныптар3 100 0004 200 0004 900 000
10-12 сыныптар4 000 0005 000 0006 200 000

*Кіру ақысы мектептегі білім беру ортасын одан әрі жақсарту үшін пайдаланылады. Төлем бір реттік және қайтарылымсыз. Кіру жарнасының сомасы білімнің жалпы құнына кірмейді.

1. Оқу құнына академиялық бағдарлама кіреді.

2. Жазбаша өтініш негізінде заңды өкілдерді оқытуға жеңілдік беріледі:

  • — Филиалда оқитын немесе балабақша тәрбиеленушісі болып табылатын 2-ші балаға -10%;
  • — Филиалда оқитын немесе балабақшаның тәрбиеленушісі болып табылатын 3-ші және әрбір келесі балаға -15%.
  • — Барлық оқу жылы үшін шарт бойынша оқудың толық сомасын төлеу кезінде балалардың әрқайсысына 10%. Бұл жеңілдік жаңа оқу жылы басталғанға дейін беріледі.

3. Оқушылар күніне 3 мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі (таңғы ас, түскі ас және бесіндік). Бір күндік тамақтану құны 3 200 (үш мың екі жүз) тенге. Тамақтану ақысы ай сайын төленеді. 

(бұл ақпарат 2024-2025 оқу жылына қатысты).