54

КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУДЫҢ МИССИЯСЫ

Студенттерге өздерінің академиялық мақсаттары мен таңдауларын анықтауға көмектесу және сол таңдаудың олардың өмірлік мақсаттарымен сәйкестігін анықтау, студенттерге жан-жақты қолдау мен кәсіптік бағдар беру арқылы дұрыс бағыт пен университетті айқындауға көмектесу. Біз студенттерді басынан бастап, яғни қалаған пәнді таңдаудан бастап, студенттердің университетке түскен шағында еркін бейімделуіне қажет қолдауды көрсетеміз.

Соңғы сыныптарда оқитын оқушылар мен олардың ата-аналарында «Мектепті бітіргеннен кейін не істеуім керек?», «Қандай жоғары оқу орнына түсуім керек?», «Балам қандай мансап жолын таңдауы керек?» деген сияқты көптеген сұрақтар туындайды. Әрбір студенттің өміріндегі шешуші кезең – 12-ші сыныптан кейін мансап жолында дұрыс мамандық пен университеті таңдау. Мамандықты дұрыс таңдау – бұл оқушы мен ата-ана қабылдауы керек ең маңызды шешімдердің бірі. Ата-аналар мен студенттер сәйкес мамандық пен университетті табу үшін көптеген зерттеулер жүргізеді.

Астана Халықаралық мектебі студенттер мен ата-аналардың барлық осы кәсіптік қажеттіліктерін шешуге мүмкіндік береді. Кәсіби кеңесші студенттердің әлеуетін ашып, оларға дұрыс бағыт бойынша кеңес беруге көмектеседі. Нарықтық мүмкіндіктердің көбеюіне байланысты мансаптық кеңес берудің маңызы да жедел өсті. Студенттің мотивация деңгейін қалыптастыру ұзақ мерзімді жетістікке жету және оқушының жалпы оқу үлгерімін жақсарту үшін өте маңызды. АХМ-де мансап бойынша кеңес беру студенттерге өз ойлары мен идеяларын жүйелеуге және дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Бұл қолдау олардың сенімділігі мен рухын көтеріп, жоғары білім мен кейінгі өмірде жетістікке жету үшін қажетті дағдылар мен көзқарастарды қалыптастырады. Маңызды сәтте дұрыс таңдау жасау – бұл студенттің сәтті өміріне апаратын жол.

Профориентатор: Оңал Арайлым Маратқызы
Email:
ongal_a@isa.nis.edu.kz